Заманауи репродуктология, ертеректе бедеу деп саналған адамдарға бала көтеріп және өзінің сәбиін дүниеге әкелу мүмкіндігін беру үшін барлық ең соңғы әзірленімдерді қолданады. Мұндай тәсілдердің бірі мұздатып сақтау (криоконсервация) болып табылады. Технологияның мәні жасушалар мен тіндерді, кейінгі еріту және пайдалану мүмкіндігімен, сұйық азотқа -1960С температурада терең мұздатуда. Жасушадаға барлық биологиялық процестер тоқтатылады, тіршілк циклі тоқтайды, және бұл материалды, қажет болған кезге дейінгі сәтте ұзақ мерзім сақтауға мүмкіндік береді.
Мұздатып сақтау (криоконсервация), артық эмбриондарды кейінгі орналастыру үшін сақтау мақсатында, экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) процедурасын өткізу кезінде қолданылады. Сонымен бірге, әдісті фертильді аталық ұрық пен аналық жасушаны сақтау үшін бірқатар көрсеткіштер бойынша қолданады. Мұздатып сақтаудың (криоконсервация) репродуктологиядағы негізгі міндеті, дәстүрлі жолмен қайсыбір себептер бойынша бала көтере алмай жүрген әйелдердің жүкті болу мүмкіндігін арттыру болып табылады.