Сұрақтар мен жауаптар – Клиника ЭКО М1

Қазақстан, Нур-Султан

Тарас Шевченко көш., 10/2

8 (7172) 20 27 50

8 (747) 132 04 30

Басты бет БАҚ біз туралы Алғыстар мен пікірлер Бағасы Байланыстар

Экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) – бұл, түтікті бедеулік, эндометриоз немесе табиғи циклдегі аналық жасушаның жетілуін (овуляция) ынталандырудың сәтсіз әрекетінен кейін, өзінің генетикалық материалын сақтап қалуды көздеген жағдайда қолданылатын ең көп тараған ҚРТ әдісі.

ЭКҰ процедурасы бірнеше кезеңнен тұрады: мультифолликулярлық өсуді ынталандыру (яғни, бір етеккір циклінде бірнеше аналық жасушалардың жетілуі), фолликулдар пункциясы және ооциттерді алу, эмбирологиялық зертханада ооциттерді ұрықтандыру және/немесе ооциттерді мұздатып сақтау. 2-5 күннен кейін алынған эмбриондарды әйелдің жатырына ауыстырады (салады) және/немесе эмбриондарды мұздатып қатыру жүргізіледі.

Аталық ұрықтың интрацитоплазмалық инъекциясы (ИКСИ) – бедеуліктің ер азаматтық факторында қолданылады (шәуеттің төмен сапасы, аз мөлшері немесе аталық ұрықтардың төмен қозғалғыштығы).

ИКСИ процедурасы ЭКҰ зертханалық кезеңінде орындалады және оның мәні эмбриолог микроскоптың көмегімен аталық ұрықты тікелей аналық жасушаға енгізуде болып табылады. Егер аналық жасушы ИКСИ-ден кейін сәтті ұрықтандырылса, онда алынған эмбрион(дар) жатыр қуысына ауыстырылады.

Жатырға импланттаудан бұрын, эмбрион өз қабықшасынан шығуы тиіс. Бұл процесс хэтчинг (жарып шығу) деп аталады. Жас ұлғая келе бұл үрдіс бұзылуы мүмкін, және осы кезде қосалқы хэтчинг жасалады – эмбрионды ауыстырғанға дейін араластырылған қышқыл немесе лазердің көмегімен эмбрионның қабықшасына саңылау жасайды. Бұл процедура егде жастағы әйелдердің немесе бірнеше сәтсіз ЭКҰ кейін бала көтеру ықтималдығын артыруы мүмкін, кейбір жағдайларда қосалқы хэтчингті сондай-ақ криоциклдерде, мұздатылған эмбирон ерігеннен кейін қолданады.

Донорлық шәует маңызды хромосомалық ауытқулар болғанда немесе аталық ұрық болмаған жағдайда емделушілердің қалауы бойынша қолданылады.
Кез келген психикалық және физикалық тұрғыдан дені сау, кез келген ұлттың және сенімнің ер азаматы бола алады.

Шәует донорларына қойылатын талаптар:
— жасы – 18-35 жас,
— қалыпты органометриялық және фенотиптік белгілерінде ауытқулардың болмауы.
3) прогрессивтік-қозғалмалы (А+В) түрлерінің үлесі 50 % артық;
4) морфологиялық-қалыпты түрлерінің үлесі  30 % артық (қатаң Крюгер критерийлері бойынша 14 % және одан артық);
Шәует талдауын алу үшін келесі талаптарды орындаған жөн:
— шәуетті зерттеудің алдында 3 күн бұрын жыныстық қатынасқа түспеу керек
— монша және сауна және т.б. баруға болмайды, себебі жоғары температура шәуеттің сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін
— талдаманы берудің алдында алкоголь, ащы және майлы тағам ішпеу керек.

Аналық жасуша донорлығы – Әйелдердің өздерінің ооциттері болмаған кезде (қоры таусылған) немесе олар ауытқыған күйде болған жағдайда қолданылады. Аналық жасуша донорлығында ЭКҰ кәдімгі тәртіпте жүргізіледі, ерекшелігі, тек мультифолликулярлық өсуді ынталандыру донорда өткізіледі. Бұл уақытта рецепиент те (болашақ ана), оның циклі донордың циклімен синхрондалуы үшін және оның жатыры эмбрион(дар)ды қабылдауға дайын болуы үшін дәрі қабылдайды. Донордың аналық жасушасы зертханалық жағдайда ұрықтандырылады, ал алынған эмбриондар рецепиенттің жатырына ауыстырылады.

Имплантация алды генетикалық диагностика (ИГД) – бұл, экстракорпоралды ұрықтандыру барысында, эмбриондардың генетикалық ақаулықтарының бар-жоғын тексеру үшін қолданылатын әдіс. Хромосомалық ауытқулар 35 жасқа дейінгі әйелдердің 50-60% эмбрионында кездеседі, ол 41 жастан жоғары әйелдерде 80-90% дейін көтеріледі. Бұл бұзылушылықтар сәтсіз имплантацияның, түсік тастаудың, және туу барысындағы хромосомдық  бұзылулардың (мысалы, Даун синдромы) негізгі себептерінің бірі болып табылады. ЭКҰ бағдарламаларындағы бала көтеру жиілігі, әлемдік статистикалық деректер бойынша 30%-дан  40%-ға дейін өзгеріп отырады. Имплантация алды генетикалық тестілеу (ИГТ) ЭКҰ циклімен бірге қолданылатын технологияны білдіреді. Бұл процедура, генетикалық ауруларды және хромосомалық ауытқуларды анықтау үшін  жатырға ауыстырғанға дейін эмбриондарда жасалады
ИГТ үшін көрсеткіштер:
— өткен өмірінде бірнеше түсік тастағана емделушілер (көтере алмаушылық)
— сапасы жақсы эмбрионды ауыстырғанға қарамастан ЭКҰ циклдіндегі сәтсіздіктер
— ауруға шалдыққан ер адам факторы
— екі емделушінің де жасы 35 жастан жоғары
NGS (NextGenerationSequencing) әдісімен жасалған ИГТ – эмбрионның барлық хромосомаларын талдауға қабілетті. ЭКҰ циклінде ИГТ қолдана отырып, сәтсіз имплантация, ерте эмбрионалды жоғалту қауіпін анағұрлым төмендетуге болады, сонымен қатар дені сау бала туу мүмкіндігін арттырады. ИГТ жасай отырып ЭКҰ-ғы бала көтеру жағдайларының жиілігі 70-80% пайызға артады..

Сапасы жақсы, циклде қолданылмаған эмбриондар,  мұздатылып және кейінірек салына алады. Бұл овуляцияны ынталандырудың және фолликулдар пунциясының қайталану циклін болдырмауға мүмкіндік береді. Эмбриондарды сақтау өте төмен температурада, сұйық азотқа салынған арнайы кішкентай талдарда жүргізіледі.

Әрине. Жас ұлғайған сайын (шамамен 35 жастан бастап)  ЭКҰ кезінде табысқа жету мүкіндігі төмендейді деп айтылған. Алайда, репродуктологияның заманауи әдістерін қолдану әйелді кез келген жаста бақытты ете алады. Тек келесіні есте сақтаған жөн, етеккір үзілісінен кейін әйел тек донорлық аналық жасушаны қолдана отырып бала көтере алады.

Иә, біз эмбриондарды мұздатуды (криоконсервация) жүзеге асырамыз және мұздан ерітілген (криоерітілген) эмбриондарды салу бойынша тәжірибеміз бар.

Жатыр түтіктерінің өтімді немесе өтімді еместігінен, бедеуліктің емдеудің әртүрі тәсілдері жүргізіледі — ЭКҰ, немесе анағұрлым арзан және қарапайым жатырішілік инсеминация.

Біріншіден, ер азаматтың дені сау болуы тиіс. Жыныстық қатынасқа кем дегенде 3-5 күн түспеуге кеңес беріледі. Шәуетті талдамаға тапсырудың алдында, ер адам күйзеліске әкелетін жағдайлардан, шаршататын дене жұмыстарынан, зиянды кәсіби факторлардан (радиоактивті, химиялық және т.б.) аулақ болуы тиіс.

Шәуетті мұздату (криоконсервация) келесі жағдайларда жүргізіледі:
1) Экстракорпоралды ұрықтандыру бағдарламаларында.
Әдетте ер адам шәуетті фолликулдар пункциясы күні өткізеді, бұл эмбриолог аналық жасушаны ұрықтандыруды сол мезетте жасауы үшін қажет. Алайда, кейде ер адам уақытында келе алмайды. Мысалы, бұл күні ол міндетті түрде жұмыста болуы тиіс. Бұл жағдайда күйеуі алдын ала кез келген уақытта келеді. Ол шәуетін тапсырады, және оны мұздатып қояды. Осыдан кейін қажетті күні биоматериал ерітіледі және аналық жасушаны ұрықтандыру үшін қолданылады.
2) Шәуетті жинау үшін.
Мысалы, ер адамда шәует аз немесе шәуеттің мөлшері жеткіліксіз. Бұл жағдайда ол шәуетті бірнеше рет өткізеді. Ол мұздатылады және қажетті күні жасанды инсеминация үшін немесе ЭКҰ циклінде қолданылады.
3)Болашақта шәуетті қолдану үшін.
Бүгін ер адам жас әрі денсаулығы жақсы. Алайда әрқашан бұлай бола бермейді. Сол себептен кейбір ер адамдар, бірнеше жылдан кейін оны ұрықтандыруға қолдану үшін ертерек шәуетті мұздатып қояды.
Әсіресе, кіші жамбас органына ота жасаудың, химиотерапия немесе сәулелендіру терапиясын жасаудың алдында биоматериалды мұздатып қою өте маңызды.

Овуляцияны ынталандыруға негізгі көрсеткіш – бұл, овуляциясыз бедеулік. Егер әрбір циклде әйелдің аналық жасушалары пісіп жетілмеген жағдайда, жүкті болу мүлдем мүмкін емес. Емделушінің овуляторлық циклдері мүлдем болмауы мүмкін. Басқа жағдайларда овуляция  жылына тек 2-3 рет қана байқалады, бұл жағдайда ұрықтандыру  екіталай.
Әдетте жиі кезедесетін,  бедеулікті емдеудің әдісі ретінде овуляцияны ынталандыру келесі ауруларда және жай-күйлерде қолданылады:

  • аралық ми бөлімі (гипоталамус) қызметінің жеткіліксіздігі;
  • аналық жыныс безінің (АБПС);
  • гиперпролактинемия;
  • гиперандрогения.

Сонымен бірге, овуляцияны дәрі-дәмекпен ынталадындыру ҚРТ циклдерінде қолданылады. Ол ЭКҰ кзінде қолданылады.
Процедураны өткізуге көрсеткіштер ретінде, сонымен қатар аналық жасушаларды мұздату (криоконсервация) болып табылады, бұл әйел оларды мұздатып қойып және ұзақ уақыт сақтауға криобанкке салып қоюды қалаған жағдайда болады, және ооциттер донорлығы. Бұл жағдайда аналық жасушалар да мұздатылады, бірақ олар тек оны донорлық ооциттері бар ЭКҰ циклдерінде басқа әйелдер қолдануы үшін жасалады.

Овуляцияны ынталандыруды бастаудың алдында әйел және ер адам тексеруден өтулері тиіс.
Оның мақсаты:

  1. Овуляцияны ынталандырудың  оңтайлы схемасын таңдау.
  2. Осы процедураға арналған ықтимал қарсы көрсетілімдерді анықтау, сонымен қатар бала көтеру үшін.
  3. Овуляцияның индукциясын тиімсіз етуі мүмкін, бедеуліктің қосымша факторларын анықтау (ер адам факторы,  жатыр түтіктерінің өтімсіздігі және т.б.).

Әйелге гормоналды препараттар тағайындайды. Циклдің басында бұл кломифен цитраты немесе гонадотропиндер болуы мүмкін. Циклдің ортасында бір жолғы инъекция түріндегі ХГЧ қолданады. Циклдің екінші жартысында прогестерон препараттары тағайындалады.
Овуляцияның индукциясы барысында фолликулдардың пісіп жетілуіне мониторинг жүргізіледі (фолликулометрия). Ол үшін УДЗ қолданылады. Дәрігер аналық жасушаларды ултрадыбыстың көмегімен тексереді және доминантты фолликулдың диаметрін өлшейді.
Осылайша, ол ХГЧ енгізу үшін және ұрықтандыратын жыныстық қатынасты (ЭКҰ арналған жасанды инсеминация немесе фолликулдар пункциясын) өткізу үшін оңтайлы күнді анықтайды.

Гиперынталандыру синдромы. Әйелдердің 1% болады. Көптеген жағдайларда жеңіл немесе орташа ауыр формада өтеді. Біздің клиникадаға ынталандырудың жеке таңдап алынған схемасы гиперынталандыру қауіпін барынша төмендетуге мүмкіндік береді.

Көпұрықты жүктілік. Көпұрықты жүкіліктің пайда болу жиілігі ынталандыруды алған емделушілердің арасында, медициналық көмексіз жүкті болған әйелдермен салыстырғанда  анағұрлым жиі кездеседі.  Бұл, гормондардың әсерінен аналық жаушаларда 2 және одан көп аналық жасушы пісіп жетілу мүмкіндігімен байланысты.

Дәрілердің кері әсерлері. Кейде әйелдер ынталандыру барысында мардымсыз кері әсерлерге шағым айтады. Олардың қатарында «құйылулар», ұйқысыздық, шаршағандық, күйзеліс. Барлық кері әсерлер қайтымды. Олар препараттарды алып тастағаннан кейін толығымен жойылып кетеді.

 

 

TOP Call Now Button