Клиниканың Ішкі регламенті – Клиника ЭКО М1

Қазақстан, Нур-Султан

Тарас Шевченко көш., 10/2

8 (7172) 20 27 50

8 (747) 132 04 30

Басты бет БАҚ біз туралы Алғыстар мен пікірлер Бағасы Байланыстар

Құрметті достар!
М1 Адам ұрпағын өрбіту клиникасына қош келдіңіздер.
Біз Сіздерге, біздің Клиниканы таңдай отырып және біздің қамқорымызға сене отырып, бізге көрсеткен сенімдеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Біздің мақсатымыз – сізге ем қабылдау барысында жағымды атмосфера жасау, әрбір жұпқа жеке қарым-қатынасты қамтамасыз ету, емдеудің алдындағы қорқыныш пен күйзелісті барынша төмендету болып табылады.
Сіздің денсаулығыңыз біздің ең құнды активіміз болып табылады, және сол себептен біз, заманауи технологияларды, заманауи медицина ғылымының әдістері мен білімін қолдана отырып, ең жоғарғы кәсіби деңгейдегі көмек көрсетуды ұсынамыз.
Сіздің оң нәтижеге деген сеніміңіз, жүйелі талдау және емделуге деген жеке тәсіл, біздің дәргерлер, мейірбикелер мен эмбриологиялық зертхана қызметкерлерінің қабілетіне деген сеніміңіз және олармен тығыз байланыста жұмыс істеу, сонымен қатар Ішкі регламентті сақтау, Сіздің ем қабылдауыңыздың тиімді және сәтті өтуіне жағдай жасайды.
Барлық ем қабылдау бойы Сізге, оңтайлы диагностикалық және емдеу процедураларын тағайындайтын емдеуші дәрігердің басшылығымен жоғары білікті кәсіби мамандар командасы қамқорлық көрсететін болады.
Сіз өзіңіздің денсаулығыңыздың жағдайы туралы түпкілікті ақпарат алуға және тексеру мен емделу үшін қол жетімді барлық нұсқалар туралы ақпарат алуға құқыңыз бар.
Біздің Клиника сізге құпиялықты және Сіздің барлық дербес деректеріңізді қорғауға кепілдік береді. Емдеу, Сіздің жеке өміріңізге деген барынша құрметпен, сыпайы түрде өткізіледі.
Емдеуші дәрігер, тек Сіз жазбаша түрде көрсеткен тұлғаларға ғана Сіздің денсаулығыңыздың жағдайы туралы ақпаратты аша алады. Құпиялықты сақтауды назарда ұстай отырып, мұндай ақпарат кімге берілуі мүмкін екендігін уақытында көрсету қажет.
Дәрігерге келудің алдында немесе процедурадан өту үшін операциялық залға келудің алдында, жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуіңізді сұраймыз.
Емделуші, Клиниканың қолданыстағы прайс-листке сәйкес көрсетілген медициналық қызметтердің құнын төлеуге міндетті. Біздің мақсатымыз емделушіге түсетін қаржылық жүктелімді барынша төмендету және ақырғы құнның болжамы үшін нақты және бір мәнді бағаларды орнату болып табылады.
Барлық төлемдер, емделу туралы жеке түсіндірмелерде баяндалған шарттарға сәйкес, әдеттегідей, процедураны өткізу күнінен кешіктірмей, оны өткізуге дейін жүзеге асырылуы тиіс, олай болмаған жағдайда процедура іске асырыла алмайды. Клиника директорының рұқсаты бойынша ғана бірыңғай жағдайлар орын алуы мүмкін. Төлемдер жұмыс күндері қаржы бөлімінде, демалыс күндері тіркеу үстелшесінде жүргізіледі. Төлемдер қолма-қол ақша түрінде теңгемен және пластик карталарымен (American Express, Visa, Visa Electron, V PAY, Maestro, MasterCard, MasterCard Electronic, Maestro Int., Discover) (анықтау керек) қабылданады.
Дәрігердің кабинетіне кірудің алдында өз заттарыңызды күту бөлмесінде қалдырмаңыз, оларды өзіңізмен бірге алып жүріңіз, кабинетте оларды сақтайтын орын бар. Клиника күту залында қалдырған заттарға жауапкершілік артпайды.
Қажеттілік болмаған жағдайда, өзіңізбен бірге үлкен ақшалай соманы, асыл металдардан жасалған бұйымдарды, кредит карталарын және т.б. алып жүрмеңіз, әсіресе, егер сіз бірнеше уақыт бойы күндізгі стационарда болатын болсаңыз.
Қажет болған жағдайда, бағалы заттарды тіркеу үстелшесіндегі сейфке қалдыруға болады. Тіркеуші Сізге «құнды бұйымдарды қабылдап алғандығы туралы» құжат береді, Сіз оны Клиникадан шығу кезінде көрсетесіз және өзіңіздің құнды бұйымдарыңызды ала аласыз.Тек осы құжат болған жағдайда ғана клиент жоғалған бұйымдары үшін өтемақы талап етуге құқылы.
Күндізгі стационарға кірудің алдында, Сіздің палатаға ілестіріп апаратын мейірбикенің келуін күтуді сұраймыз. Мейірбикеге операцияға қатысты барлық құжаттарды және өтініштерді беріңіз.
Клиникада болу кезінде қызметкерлердің нұсқауларын сақтаңыз. Өз заттарыңызды кілтке жабылатын шкафта сақтаңыз. Кілтті түнгі жейдеңізге бекітіп қойсаңыз болады. Күндізгі стационарда болу кезінде, өзіңіздің іш киіміңізді (түнгі ұйықтау жейдеңіз, трусиктер, тәпішке) қолданыңыз. Төсек-орын тысы әрбір емделушіден кейін ауыстырылады.
Егер Сіз лоқсу белгілерін сезінсеңіз, төсектің артында орналасқан телефонның қызыл батырмасына басыңыз, және мейірбикенің келуін күтіңіз.
Клиниканың барлық аумағында тазалық сақтауды сұраймыз, кеткеннен кейін, орынжайды тиісті қалыпта қалдырыңыз. Егер орынжай пайдалануға жарамайтындығын (лас, сүлгінің, дәретхана қағазының жоқтығы) байқап қалсаңыз тіркеушіге хабарлаңыз.
Өтініш, қоқысты арнайы белгіленген қоқыс бактарына тастауды сұраймыз. Су құбырын, жарықтандыруды, қажет борлған жағдайда, сигнализация жабдығын, газ құбырын пайдалану кезінде сақтық шараларын ұстаныңыз. Жеке тазалықты сақтаңыз және медициналық қызметкердің ұсыныстарына құлақ түріңіз.
Клиникада болу барысында, өтініш, қоғамдық коммуникация ережелерін ұстануды сұраймыз. Жеке өмірге қол сұғылмаушылық және өзге емделушілердің құқықтарын есте сақтаңыз. Клиника басшылығы, Сіздің ұсыныстарыңызды назарға ала отырып, клиенттердің қызметтерге қанағаттанушылығына жүйелі мониторинг өткізіп отырады, және ескертулер немесе шағым түскен жағдайда оның нәтижелерін қолданады.
Тұтану немесе басқа төтенше оқиға пайда болған жағдайда, өтініш, бұл туралы Клиниканың қызметкерлеріне шұғыл түрде хабарлаңыз және нұсқауларды ұстаныңыз.
М1 Клиникасының бұл Ішкі регламенті 01.012018 ж. бастап жарамды. Емделушінің құқықтары мен міндеттерінің тізімі Ішкі регламенттің ажырамас бөлігі болып табылады. Ішкі регламентті сақтамау Клиникадағы емделуді мерзімінен бұрын тоқтатуға алып келуі мүмкін.

TOP Call Now Button