Уролог- андролог зәр-жыныс жүйесінің бұзылуын емдеумен, диагностикалаумен және алдын алумен айналысады. Маманның кеңесін уақтылы алған кезде, ерлердің жыныстық органдарының аурулары ерте кезінде жеңіл емделеді.
Уролог-андрологтың кеңесі мыналар сияқты патологиялар болған кезде қажет:
• ерлердің бедеулігі;
• қозулық дисфункциясы;
• мезгілінен бұрын ұрық шашу;
• сыртқы жыныстық органдарының патологиясы (туа біткен немесе жүре пайда болған);
• ерлер контрацепциясының проблемалары;
• гипогонадизм;
• гиперпролактинемия;
• зәр-жыныстық жүйе органдарының қабыну аурулары;
• ЖЖЖЖ (жыныстық жолмен жұғатын жұқпалар);
• жыныстық органдардың өскіндері.
Егер сізде бала бітумен проблемалар, репродуктивтік жүйе органдары қызметінің кез келген бұзылуы туындаса, андрологтың қабылдауына жазылу қажет. Шын мәнінде, жыныстық органдардың аясында кез келген ұнамсыз сезімдер, гормондық фонның өзгеруі және тіпті сексуалды саладағы ең аз бұзулар андрологтың кеңесін алуға жазылу үшін себеп болуы тиіс.
Егер Сіз андрологтың кеңесін алуды шешсеңіз, қабылдауға қолыңызда бар зерттеу нәтижелерін, үзінді-көшірмелерді және Сіздің проблемаңызға байланысты, басқа да құжаттарды өзіңізбен алуыңызға болады.
Кеңес беру кезінде қарау және анамнез жинау жүргізіледі. Алынған деректердің негізінде, маман қосымша зерттеулердің көлемін анықтайды, олардың ішінде:
• қан мен зәрдің клиникалық анализі;
• жыныстық гормондардың деңгейін анықтау (тестостерон, ФЫГ, ЛГ, пролактин, эстрадиол, ингибин В);
• қалқанша без гормондарының деңгейін анықтау (ТТГ, Т3,Т4);
• қанның биохимиялық анализі (глюкоза, холестерин, триглицеридтер, ТТЛП, ТЖЛП, ЖГБГ);
• ПСА (жалпы, еркін), РЭА;
• спермограмма, MAR-test, HBA-test, сперматозоидтардың ДНҚ фрагменттеу;
• қуықалды безді шығаратын сөлді микроскопиялық зерттеу (анализға биоматериалды қуықасты безді уқалау арқылы алады);
• қуықалды безді шығаратын сөлді КРҚ-сында себу;
• ЖЖЖЖ (жыныстық жолмен жұғатын жұқпаларды) ПТР әдісімен диагностикалау;
• қуықалды бездің, ұма органдарының, жыныс мүшесінің УДЗ;
• Зәр-жыныс жүйесі органдарының қан тамырларының УДДГ (ультрадыбыстық допплерографиясы).
Қажет болған кезде андролог пациентті басқа мамандардың кеңесін алуға жіберуі мүмкін. Біздің маман жеке емдеу бағдарламасын жасайды.