Орталық туралы – Клиника ЭКО М1

Қазақстан, Нур-Султан

Тарас Шевченко көш., 10/2

8 (7172) 20 27 50

8 (747) 132 04 30

Басты бет БАҚ біз туралы Алғыстар мен пікірлер Бағасы Байланыстар

Біріккен америкалық-қазақстандық жобаМ1 клиникасы — қазіргі заманғы адам ұрпағын өрбіту орталығы.
Біз қосалқы репродукция, гинекология, андрология және эмбриология саласында кешенді қызметтер ұсынамыз. Көп жылғы тәжірибенің, қолданылатын алуан түрлі әдістердің және ең үздік мамандар командасының көмегімен, Клиника жұптарға, тіпті мүлдем үмітсіз болып көрінген жағдайға қарамастан, көптен күткен сәбиінің дүниеге келуіне көмектеседі.
Клиника қызметінің негізгі бағыты кешенді түрде тексеру жүргізу және бедеу жұптарды емдеу болып табылады. Клиникада, ЭКҰ, ЭT, ИКСИ, ПИКСИ, ИГД, донордың ұрық жасушасымен ЭКҰ, МЕЗА/ТЕЗЕ, шәует, эмбрион, ұрық жасушаларын мұздатып сақтау және т.с.с. ең үздік еуропалық орталықтарда қолжетімді қосалқы репродукцияның барлық әдістері мен процедуралары жүзеге асырылады.
Клиниканың зертханаларында тәжірибелі эмбриологтар жұмыс істейді, олар репродуктивті медицина саласындағы ең соңғы әдістерді қадағалап, тәжірибеге енгізіп отырады. Сонымен бірге, бедеу жұптарды емдеу үшін зертхана, ұрықтылықтың бұзылу және мүлдем жоғалту қауіпі бар емделушілердің жыныс жасушалырын (гамета) және эмбриондарын мұздатып сақтау қызметін ұсынады.
Ота жасау бөлімінде қосалқы репродукция процедураларының барлық түрлерін жасауға арналған жабдықтармен, сонымен қатар жатырды көруге (гистероскопия) арналған заманауи құралдармен жабдықталған.

Амбулаториялық анестезияға мамандандарылған анестезиологтар команадасының рөлі маңызды болып табылады, бұл өте қолайлы және емделушілердің денсаулығына әсерін тигізбейді. Гинекология бөлімі клиникан құрауыш бөлігі болып табылады, ол кез келген жастағы әйелдерге қызметтердің және профилактиканың барлық түрлерін ұсынады.
Клиника, құрылған сәттен бастап, үлкен даму кезеңінен өтті. Бүгінгі таңда емдеудің барлық кезеңдерін тиімді дайындау және өткізу үшін оңтайлы жағдайлар жасалған.

Емделушілердің қауіпсіздігіне және гармонды терапияның жағымсыз әсерлерін болдырмауға ерекше назар аударылады.
Мұқият зертханалық және клиникалық бақылау препараттардың оңтайлы мөлшерлеуін қолдануға мүмкіндік береді, ал жеке амал қолдану барынша қысқа мерзімде тамаша нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі.
М1 клиникасында диагностикалық тексерулер процесі жақсы дамыған. Қысқа мерзім ішінде емделушінің диагнозы нақтыланады және бірден емдеу басталып кетеді. Барлық қимыл-қозғалыстар, процедуралар және кеңестер уақыт бойынша келісілген, емделушінің уақыты бос өткізілмейді, бұл бағаның төмендеуіне септігін тигізеді.
Клиниканың дәргерлері, халықаралық хаттамалардың негізінде, диагностиканың немесе емдеудің белгілі бір әдісі туралы шешім қабылдайды, прогрессивтік медициналық қауымдастық мамандарына, жеке алынған емделушіге немесе тұтастай зерттеуге қатысты сұхбат жүргізуге және өзара пікір алмасуға мүмкіндік береді.
Бұл тәжірибе — дамыған медицина әлеміндегі қалыпты жағдай, басқа елдердегі әріптестерінің тәжірибесі мен білімдерін құрметтейтін кәсіпқой мамандар сөйлейтін тіл.

TOP Call Now Button