Емделушілердің құқықтары мен міндеттері – Клиника ЭКО М1

Қазақстан, Нур-Султан

Тарас Шевченко көш., 10/2

8 (7172) 20 27 50

8 (747) 132 04 30

Басты бет БАҚ біз туралы Алғыстар мен пікірлер Бағасы Байланыстар

Емделушілердің құқықтары

Емделуші, білікті қызметкерлермен жүзеге асырылатын кәсіби медициналық қызметтер алуға құқылы.

Емделуші, өзін емдеу үрдісіне қатысатын дәрігердің және басқа медициналық қызметкерлердің атын білуге құқылы. Ол жеке өміріне қол сұғылмаушылығына, сонымен қатар күн сайын отбасы мүшелерімен немесе достарымен кездесуге құқығы бар. Бұл құқық өте елеулі себептер бойынша шектелуі мүмкін.

Емделуші, әрбір жаңа диагностикалық немесе терапиялық процедураны бастаудың алдында, келісім беру немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін, өзінің емдеуші дәрігерден қажетті ақпаратты алуға құқылы. Ерекше жағдайларды қоспағанда, емделуші осы процедуралармен байланысты кез келген тәуекелдер туралы тиісті түрде хабардар болуы тиіс.  Егер бірнеше балама болған жағдайда  және емделушіге баламалы емделу туралы ақпарат алу қаже болса, оның олармен танысып шығуға құқығы бар.

Емделуші, заңмен белгіленген шеңберде, емделуден бас тартуға құқылы және осындай шешімнің медициналық салдарлары туралы ақпарат алуға құқылы. Амбулаторлық және стационарлық емделу, тексерілу және диагностикалау кезінде, емделуші оның жеке өміріне барынша құрмет көрсетілуін талап етуге құқылы. Сырқатнамасының талдауы, кеңестер, тексеру және емдеу құпия мәселелер болып табылады және және сыпайы түрде өтуі тиіс. Емдеуге тіркелей қатыспайтын тұлғалардың болуы, емделушімен келісілуі тиіс.

Емделуші емдеу туралы барлық жазбалар және үзінді көшрмелер құпия болады дегенге сенуге құқылы. Емделуші туралы ақпаратты қорғау, деректерді компьютерлік өңдеу барысында да қамтамасыз етілуі тиіс.

Емделуші, аурудың сипатына сәйес келетін көлемде, өзінің мүмкіндігіне сәйкес емделу туралы оның өтінішін медицианлық мекеме қанағаттандырады дегенге сенуге құқылы. Қажет болған жағдайда,  емделуші басқа медициналық мекемеге ауытырылуы немесе жеткізілуі мүмкін, оған осындай табыстау қажеттілігі туралы дәлелді ақпарат, сонымен қатар қалған қолдағы бар баламалар берілгеннен кейін. Емделуші табысталатын мекеме, бұл аударымды  алдын ала мақұлдауы тиіс.

Емделуші, емдеу үздіксіз жүргізіледі дегенге  сенім артуға құқылы. Емделуші, қандай мамандар, қайда және қандай жұмыс уақыттарында қолжетімді болатындығын білуге құқылы. Шығарылғаннан  кейін, емделуші емдеуші дәрігер бұдан кейінгі емдеу туралы ақпарат  беретіндігіне сенім білдіруге құқылы.

Емделуші, егер дәрігер байстандарттық процедураларды қолдануды  немесе эксперимент өткізуді шешкен жағдайда, көкейге қонымды түсінік алуға құқылы. Емделушінің жазбаша түрдегі ақпараттанған келісімі терапевтік және терапесһвтік рәсімдерді өткзуді бастауға арналған алдын ала шарты болып табылады. Емделуші, егер ол осындай шешімнің денсаулыққа тигізетін ықтимал салдарлары туралы ақпараттандырылған жағдайда, кез келген уақытта себебін түсіндірместен экспериментке қатысудан бас тарта алады.

Жазлмас дертке шалдыққан емделуші, оның тілегіне құрмет көрсетуі тиіс барлық медициналық қызметкерлердің сезімді күтіміне құқылы, егер олар қолданыстағы заңнамаға қайшы келмесе. Емделуші, өзі ем қабылдап жатқан медициналық мекеменің ережелерін білуге және ұстануға міндетті және құқылы. Емделуші өзінің шотын тексреуге және шотты қалай төлейтіндігіне қарамастан, кейбір тармақтарын түсіндіруді сұрауға құқылы.

Міндеттері

  1. Емделуші, медициналық қызмет алу кезінде:
    а) егер ол осы медициналық қызметтердің көрсетілуіне келісімін берген жағдайда, әзірленген жеке емдеу жсопарын ұстануға тиіс,
    б) клиниканың ішкі тәртіп ережелерін сақтауға тиіс,
    в) көрсетілген медициналық қызметтердің құнын төлеуге тиіс,
    г) өзінің ағымдағы денсаулық жағдайы туралы қызмет көрсетуші медицина қызметкеріне шынайы ақпаратты , соның ішінде жұқпалы және берілетін аурулар туралы, басқа дәрігерлермен көрсетілетін медициналық қызметтер туралы ақпаратты, дәрілік құралдарды қолдану туралы, соның ішінде үйренуге алып келетін заттарды теріс пайдалануы туралы , медициналық қызметтерді көрсету үшін өзге де маңызды фактілерді хабарлауға тиіс,
    е) аурузханаға жатқызу кезінде алкоголь немесе үйренуге алып келетін басқа заттарды қолданбауы тиіс және, емдеуші дәрігердің талабы бойынша, емделушінің алкоголь немесе үйренуге алып келетін өзге заттардың әсерінде еместігін анықтау үшін талдаудан өтуге тиіс.
  2. в) және г) тармақтарын сақтау міндеттерін емделушінің заңды өкілі орындауға тиіс. Емделушінің заңды өкілі емделушінің міндеттемелерді орындауы үшін жағдай жасауы тиіс.
  3. Емдеуші, емделушінің заңды өкілі, емделушімен тағайындалған тұлға, емделушіге жақын тұлға немесе емделушінің туысқаны медициналық қызметкердің талабы бойынша жеке куәлігін көрсетуі тиіс. Жеке куәлігін көрсету міндеті, сондай-ақ, қолданыстағы немесе өзге заңға сәйкес, емделушінің денсаулқ жағдайы туралы ақпарат алуға құқылы тұлғаға ға қатыстырылады. Шетел азаматтарына қатысты жағдайда, жеке басын куәландыру үшін жолжүру құжатын немесе жеке басын куәланыратын басқа құжатты көрсетуі тиіс. Егер медициналық қызметкерде, ол адамның жақындығына күмәндану пайда болған жағдайда,  шетел азаматы өзінің дербес және байланыс деректерін көрсете отырып, тиісті өтініш жазуы тиіс және Клиниканың қызметкерінің көзінше оған қол қоюы тиіс, бұл медициналық құжаттаманың бір бөлігі болып табылады.

4. Егер емделуші немесе оның заңды өкілі жеке куәлігін беруден бас тартса, медицина қызметкері бұл емделушіге медициналық ықзмет көрсетуден бас тарта алады,  егер жедел жәрдем көрсету қажет емделушіге қатысты болмаған жағдайда. Егер 3-тармақта көрсетілген тұлға, жеке куәлігін көрсетуден бас тартқан жағдайда, медицина қызметкері бұл тұлғаға сұратылған ақпаратты беруден бас тарта алады. Егер емделуші ол тұлғаның жеке басын растаған жағдайда, бұл шарт жарамсыз болады.

TOP Call Now Button