Жатырішілік инсеминация – Клиника ЭКО М1

Қазақстан, Нур-Султан

Тарас Шевченко көш., 10/2

8 (7172) 20 27 50

8 (747) 132 04 30

Басты бет БАҚ біз туралы Алғыстар мен пікірлер Бағасы Байланыстар

Жатырішілік инсеминация (ЖІИ) – бұл жатырдың ішіне өңделген шәуетті енгізу. Бұл ретте, ұрықтандыру табиғи жолмен болады – бұл ЖІИ-ның экстракорпоралдық ұрықтандырудан негізгі айырмашлығы.

Ерлердің тарабынан ЖІИ үшін көрсеткіштер:

  • - Қосалқы фертильдік шәует – енуыздың қасиеттері бұзылған, олардың сакны төмендеген, олар аз қимыды, бірақ қалыпты, жылжымалы нысандары болағн кезде;
  • - Эякуляторлық-сексуалдық бұзылулар;
  • - Шәует криоконсервациялау қажзеттілігі бар.

Ұрықталуы мүмкін емес ерінің спермограммасының маңызды өзгерістері болған кезде, ұрықтандыру үшін донорлық шәуетті пайдаланады.

Әйелдердің тарабынан ЖІИ үшін көрсетікштер:

  • - Бедеуліктің мойын (цервикалдық) факторы – жатыр мойыны шырыштық қасиеттерінің өзгеруі, ол енуыздың жеткілікті мөлшерінің жатыр қуысына кіруіне кедергі жасайды;
  • - Вагинизм – жыныстық қатнастан қорку әсерінде қынап пен бұттың бұлшық еттерінің
  • еріксіз қысқаруы;
  • - 1-2 дәрежелі эндометриоз;
  • - Овуляторлық дисфункция;
  • - Түсініксіз генезді бедеулік.

Жиі ЖІИ рәсімін әйелдің дені сау, оның жатыр түтігі таза, өтпелі, ал ер шәуетының ұрықтандыру қабілеті төмен болған кезде жүргізеді.

ЖІИ басымдықтары: 

  • - Қолжетімділігі. Рәсім бедеулікпен күрестің қымбат емес баламалы әдістерінің бірі болып табылад
  • - Ұзақ дайындықты талап етпейтін оңай жүргізілу
  • - Салыстырмалы жоғары тиімділік
  • - Әйел үшін рәсімді өткізгеннен кейін қандай да бір асқыну мүмкіндігі өте төмен.

ЖІИ кезеңдері:

  • - Овуляцияны ынталандыру (ЖІИ табиғи менструалдық кезеңде де жүргізілуі мүмкін)
  • - Аналық жасаушаның толуын бақылау және жатырдың шырышты қабығын дайынду
  • - Инсеминация уақытын таңдау
  • - Шәуетті өңдеу - Тікелей ЖІИ рәсімі

Жатырішілік инсеминация табиғи (жаратынды) немесе ынталандырылған кезеңде өткізілуі мүмкін болады.

ЖБЖ (жүктіліктің басталу жиілігі) овуляциясын ынталандырыған кезде жоғары. Овуляцияны ынталандыру УДЗ бақылауында жүргізіледі, ол аналық жасаушаның толу және жатырдың ішкі шырышты қаығының үлкеюі - эндометрия процесін қадағалауға мүмкіндік береді. Ұрықталуға және эмбрионның имплантациялануына неғұрлым қолайлы сәт басталған кезде, шәуетті жатырға енгізеді.

ЖІИ УДЗ көмегімен табиғи кезеңде жүргізген кезде көптеген жағдайларда бұл менструалдық кезеңнің ортасында овуляция уақыты анықталады.

ЖІИ кезінде ердің құнарлы ортада өңделген және шоғырландырылған шәуеті жатыр мойынының арнасы арқылы енгізіледі. Ауырсындырмай жасалатын рәсім, неге десең шәует жатыр мойынының арнасы арқылы кедергісіз өтетін, диаметрі өте кішкене арнайы катетердің көмегміен енгізіледі. Жатырішілік инсеминацияның ұзақтығы шамамен 2 минут алады. Рәсімді орындағаннанкейін әйел 20-30 минут ішінде көлденең қалыпта болады.

ЖІИ нәтижелілігіне әсер ететін факторлар:

  • - Бедеуліктің себептері
  • - Ойынсеріктердің жасы. Әйел неғұрлық үлкен болса, инсеминацияның өң нәтижесінің мүмкіндігі төмен.
  • - Бедеуліктің ұзақтығы
  • - ЖІИ емдеу кезеңдерінің саны
  • - Шәуеттің параметрлері

ЖІИ нәтижелілігін арттыратын факторлар:

  • - Енуыз ДНҚ-үзіндісінің тесті
  • - HBA-тесті

ЖІИ бір әрекетінің тиімділігі 20% артық құрама йды. ДДСҰ ЖІИ алтаудан артық емес әрекетін жасауға ұсынады, отандық мамандар олардың ең үлкен саны 3-4 артық болмауы тиіс деп есептейді. Егер жүктілік басталмаса, экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКҰ/ЕИИ) рәсімін өту керек.

ЖІИ дайындау:

  • - Көрсеткіштері бойынша белгілі бір саланың мамандарының кеңес беруін;
  • - Кіші жамбас органдарының УДЗ
  • - Акушер –гинекологтың қабылдауын
  • - Уролог-андрологтың қабылдауын қамтиды (ерлер үшін)
  • - Зерттеу жоспары бойынша талдауларды қамтиды

Сұрақтар туындаған кезде, Сіз кеңес алу үшін біздің мамандарға жүгінуіңізге болады.

Құны:

  • Жатырішілік инсеминация

    45.000 тенге
TOP Call Now Button