Репродуктолог-гинекологтың кеңес беруі – Клиника ЭКО М1

Қазақстан, Нур-Султан

Тарас Шевченко көш., 10/2

8 (7172) 20 27 50

8 (747) 132 04 30

Басты бет БАҚ біз туралы Алғыстар мен пікірлер Бағасы Байланыстар

Егер контрацептивтерді пайдаланусыз бір жыл жыныстық өмір сүргеннен кейін, жүктілік басталмаса, репродуктологтың кеңесін алуға жазылу керек. Сондай-ақ, ерлі-зайыптылардың  бірінде отбасында генетикалық аурулар болған кезде, әйелдің жатыр түтігінің болмауын, олардың бітелісін және басқа да патологияларын диагностикалау кезінде, овуляцияның (ановуляцияның) болмауына әкеліп соғатын гормондық жүйе бұзылған кезде. Сонымен қатар, репродуктолог дәрігерлерге жыныстық серіктесі болмаған кезде (болуын қаламаған кезде) жүкті болуды және бала тууды қалайтын әйелдер жүгінеді.

Кеңес беру құны:

  • Репродуктолог-гинекологтың алғашқы кеңес беруі

    10.000 теңге
  • Репродуктолог-гинекологтың қайта кеңес беруі

    5.000 теңге

Репродуктолог дәрігер кеңес берген кезде қарау және анамнез жинау жүргізіледі. Әйелге қойылатын сұрақтар етеккір цикліне (етеккірдің ұзақтығы, аурушаңдығы, бөлінетін заттардың көлемі,  дисфункционалдық қансыраудың болуы және өзгелер), зәр-жыныс ауруларына, басқа да жүйелер мен органдардың ауруларына, отбасындағы бедеулік жағдайларына, шұғыл араласуға, контрацепция тәсілдеріне қатысты. Маман бедеулік алғашқы болып табылады ма анықтауы, осыған байланысты бұрын жүктілік болды ма нақтылауы тиіс.

Егер Сіз репродуктолог дәрігердің кеңесін алуды шешсеңіз, қабылдауға қолыңызда бар зерттеу нәтижелерін, үзінді-көшірмелерді және Сіздің проблемаңызға байланысты, басқа да құжаттарды өзіңізбен алуыңызға болады:

  • Кіші жамбас органдары УДЗ нәтижелерін;
  • Жатыр түтіктерінің зерттеулерін: ГСГ (гистеросальпингография) немесе ЭхоГСГ (ультрадыбыстық сканерлеу әдісімен гистеросальпингография);
  • гормондарға қан анализінің нәтижелерін (ФЫГ, ЛГ, пролактин, тестостерон және т.б.);
  • күйеуінің спермограммасын.

Алынған ақпараттың негізінде дәрігер бедеуліктің себептерін диагностикалау үшін қажет қосымша зерттеулер тағайындайды, жеке емдеу бағдарламасын жасайды. Біздің бағдарламалардың табысы – 68-70%.

TOP Call Now Button